Литва, Латвия және Эстония Лукашенко мен Беларусьтің 29 шенеунігіне елге кіруге тыйым салды


01/09/2020
12:00 47062 0

Фото дереккөзі: РИА Новости

 

Литва, Латвия және Эстония Беларусьтің ресми сайланған президенті Александр Лукашенко мен 29 шенеунігіне санкция жариялап, еліне кіруге тыйым салды. Бұны «Настоящее время» хабарлады.

 

Латвияның сыртқы істер министрілігінің (СІМ) тізімінде Беларусь билігінің 30, ал Литваның тізімінде 31 өкілі көрсетілген. Атап айтқанда, онда Лукашенко мен оның ұлы Виктор, Орталық сайлау комиссиясының басшысы Лидия Ермошина, ішкі істер министрі Юрий Караев, Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Андрей Равков және т.б  аталған. 

 

Литва, Латвия және Эстония олардың жақында Беларусьте өткен президентті сайлау нәтижесін бұрмалаған және наразыларға жәбір керсеткені үшін наразы. 

 

Президентті сайлау 9 тамызда өтті. Онда Беларусьті 26 жыл бойы басқарып келген Александр Лукашенко жеңіске жетті. Сайлау нәтижесі бұрмаланған деген көптеген азамат жаппай наразылыққа шығып жатыр. Милиция мыңдаған адамды ұстап, бірнеше адам қаза тапты.

 

Поделиться

Нет комментариев.

01/09/2020 12:00
47062 0

Уведомление